"Жас сарбаз" шығармашылық студиясына балаларды қабылдау жүріп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта "Жас сарбаз" шығармашылық студиясына балаларды қабылдау жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта "Жас сарбаз" шығармашылық студиясына балаларды қабылдау жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл студияға Қарулы күштер әскери қызметшілерінің балалары ғана емес, сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұланның балалары да қабылданатын болады.

Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов еліміздің барлық күштік құрылымдары қызметкерлерінің балаларына арналған шығармашылық студияның жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

"Жас сарбаз" студиясында сабақтар вокал, хореография, домбыра және актерлік шеберлік бағыттарында өткізілетін болады. Қазірдің өзінде 120-дан астам бала сабаққа кірісіп кетті.

"Рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбиеде мәдениет пен өнердің маңызы зор. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың мүмкіндіктерін ескере отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын балалардың талантын ашатын үйірмелер ұйымдастырудамыз", - деген "Жас сарбаз" шығармашылық студиясының жетекшісі 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова үйірменің міндеттерін түсіндіріп өтті.

Үйірмелерге қатысу тегін. Оқытушылар құрамы арасында еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, педагогикалық білімі бар және балалармен жұмыс тәжірибесі мол мамандар бар.

Ата-аналардың назарына: шығармашылық студияға қабылдау жыл соңына дейін жүреді. Қатысамын деушілер Астана қаласы Республика даңғылы, 2-үйде орналасқан Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына келуіне болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro