Жасанды интеллект дәуірінде киберқауіпсіздік стратегиялық басымдыққа айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасанды интеллект дәуірінде киберқауіпсіздік стратегиялық басымдыққа айналды

Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы әлемді түбегейлі өзгертуде. Алайда технологиялық прогреспен қатар, жаңа қауіптер де пайда болуда. Киберқауіпсіздік мәселесі бүгінде тек IT саласының емес, мемлекеттер мен ірі корпорациялар үшін стратегиялық басымдыққа айналды. Осы бағытта халықаралық деңгейде мойындалған қазақстандық сарапшылардың бірі Игібек Қойшыбаев қазіргі таңда АҚШ-та жұмыс істеп, жаһандық киберқауіпсіздік жобаларына тікелей қатысып жүр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы әлемді түбегейлі өзгертуде. Алайда технологиялық прогреспен қатар, жаңа қауіптер де пайда болуда. Киберқауіпсіздік мәселесі бүгінде тек IT саласының емес, мемлекеттер мен ірі корпорациялар үшін стратегиялық басымдыққа айналды. Осы бағытта халықаралық деңгейде мойындалған қазақстандық сарапшылардың бірі Игібек Қойшыбаев қазіргі таңда АҚШ-та жұмыс істеп, жаһандық киберқауіпсіздік жобаларына тікелей қатысып жүр.

Қазақстанда киберқауіпсіздік саласы туралы сөз қозғалғанда, кәсіби ортада ең алдымен Игібек Койшыбаевтың есімі аталады. Ол – PhD ғылыми дәрежесіне ие киберқауіпсіздік маманы, "Болашақ" президенттік стипендиясының иегері, кәсіби жолын Қазақстанда бастап, бүгінде әлемнің ең бәсекелі технологиялық нарықтарының бірі саналатын АҚШ-та өз біліктілігін дәлелдеген сарапшы. Оның тәжірибесі цифрлық қауіпсіздіктің тек техникалық міндет емес, экономикалық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін стратегиялық фактор екенін көрсетеді.

Игібек Койшыбаев қазіргі уақытта әлемнің ең ірі 200 компания рейтингіне (Fortune 200) кіретін ірі технологиялық компанияда бас қауіпсіздік инженері ретінде қызмет атқарады. Оның кәсіби қызметі веб-қосымшалар, бағдарламалық өнімдер және бағдарламалық әзірлеу тізбектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл - миллиондаған қолданушысы бар цифрлық экожүйелердің тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін сала.

Осы орайда біз жасанды интеллект дәуірінде киберқауіпсіздік саласында туындап отырған ең өзекті сын-қатерлер мен стратегиялық басымдықтарға қатысты маңызды сұрақтарды тікелей саланың сарапшысы – Игібек Койшыбаевқа қойып, оның кәсіби көзқарасын білуге мүмкіндік алдық.

- Қазіргі таңда киберқауіпсіздік саласындағы негізгі қауіптер қай бағытта шоғырланып отыр?

- Соңғы жылдары негізгі қауіптер бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізу тізбегінде шоғырлануда. Бір ғана осал кітапхана (library) немесе қате конфигурация ірі компаниялардың жұмысын тоқтатып, жаһандық деңгейде салдар тудыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі киберқауіпсіздік мамандары үшін қауіптің алдын алу, тәуекелді ерте анықтау және жүйелік деңгейде ойлау аса маңызды.

- Жасанды интеллект бұл қауіптердің сипатын қалай өзгертті?

- Жасанды интеллект киберқауіптердің табиғатын түбегейлі өзгертті. Егер бұрын шабуылдар алдын ала белгілі сценарийлерге сүйенсе, бүгінде олар динамикалық, бейімделгіш және нақты нысанаға бағытталған сипатқа ие. Жасанды интеллект фишинг шабуылдарын нақты адамға немесе ұйымға бейімдеп жасауға, зиянды кодтарды автоматты түрде генерациялауға және қорғаныс жүйелерін айналып өту тәсілдерін үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік береді.

- Мұндай жағдайда дәстүрлі қауіпсіздік тәсілдері жеткілікті ме?

- Жоқ, дәстүрлі көзқарас жеткіліксіз. Киберқауіпсіздік енді тек техникалық құралдар жиынтығы емес, басқару шешімдерінің, корпоративтік мәдениеттің және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Қауіптер интеллектуалды сипатқа ие болған сайын, оларға қарсы тұру тәсілдері де болжам жасай алатын, икемді және ұзақ мерзімді болуы тиіс.

- Қауіпсіздік жүйесін қалай дұрыс құру қажет деп ойлайсыз?

- Қауіпсіздік өнімнің соңғы кезеңінде "қосылатын" функция болмауы керек. Ол жүйенің бастапқы архитектурасымен бірге ойластырылуы тиіс. Бұл тәсіл тек технологиялық тұрғыдан ғана емес, қаржылық және репутациялық тәуекелдерді азайту үшін де маңызды. Қауіпсіздікке ерте инвестиция салу – кейінгі дағдарыстардың алдын алудың ең тиімді жолы.

- Кадр даярлау мәселесінің маңызы қандай?

- Кадр даярлау – шешуші фактор. Қазақстанда техникалық әлеуеті жоғары, дарынды жастар көп. Бірақ оларды халықаралық стандарттарға сай жүйелі түрде даярлау қажет. Бұл елдің цифрлық болашағы мен технологиялық тәуелсіздігі үшін өте маңызды.

- Қазақстан үшін киберқауіпсіздіктің стратегиялық мәні неде?

- Киберқауіпсіздік Қазақстан үшін цифрлық экономика, мемлекеттік ақпараттық жүйелер және жеке сектордың тұрақтылығы тұрғысынан шешуші рөл атқарады. Электронды үкімет, қаржы жүйелері, өнеркәсіптік инфрақұрылым және деректерге негізделген шешімдер киберқауіпсіздіксіз толыққанды жұмыс істей алмайды. Сондықтан киберқауіпсіздікті шығын емес, экономикалық тұрақтылық пен сенімге салынатын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастыру қажет.

Бүгінде жасанды интеллект дәуірінде киберқауіпсіздік саласында әлемдік жобаларға қатысып жүрген Игібек Койшыбаев – қазақстандық мамандардың жаһандық технологиялық аренада бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейтін нақты мысал. Оның халықаралық тәжірибесі мен кәсіби пікірі киберқауіпсіздік туралы қоғамдық және сараптамалық пікірталастарда ерекше маңызға ие болып отыр.

Сұхбатыңызға рақмет!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети