Қазақстанда жасанды жауын-шашын жаудыру жөніндегі зерттеулер туралы сұраққа белгілі ғалым жауап берді. Арнайы технология көмегімен ел аумағында жауын-шашынды көбейту мүмкіндігі бар. Бірақ, бұл тек солтүстік облыстарға жақсы әсер етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда жасанды жауын-шашын жаудыру жөніндегі зерттеулер туралы сұраққа белгілі ғалым жауап берді. Арнайы технология көмегімен ел аумағында жауын-шашынды көбейту мүмкіндігі бар. Бірақ, бұл тек солтүстік облыстарға жақсы әсер етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев Қазақстанда жауын-шашынды көбейту туралы зерттеулерді отандық ғалымдар жүргізгенін айтты.
"География ғылымдарының докторы, профессор Александр Владимирович Чередниченконың ғылыми зерттеулері негізінде "Изменение климата Казахстана и возможности адаптации за счет доступных водозапасов облачности" монографиясы жарияланды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, елдің солтүстік өңірлерінде ғана жасанды жауын-шашын жаудыруға мүмкіндік бар, ал қалған өңірлерде бұл көрсеткіштер шамалы.
Яғни, оңтүстік өңірдегі Аралды жасанды жауын-шашын жаудыру арқылы толтыру әзірше мүмкін емес. Бірақ, бұл мәселе де болашақта шешімін таба жатар", - деді Нұрлан Абаев.
Бұған дейін БАҚ-та БАӘ жаңа технологиялар арқылы жасанды жауын-шашын жаудыру маусымын бастағаны хабарланған болатын. 14 шілдеден бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің әртүрлі аудандарында, күндізгі 50 градус ыстыққа қарамастан жауын жауды. Синоптиктер мәліметінше, жауын-шашын арнайы тәжірибеден кейін басталған.
Бұл жаңалыққа Нұрлан Абаев, жаңбырды жасау технологиялары өткен ғасырдың 40-жылдарынан бері белгілі екенін және бүгінде әлемде жауын-шашын мөлшерін көбейту технологиясы бар екенін, алайда табиғи жауын-шашын күтілмесе, жасанды түрде жаңбыр шақыру мүмкін емес екенін айтты.
"Бар бұлтты қолдана отырып жауын-шашын мөлшерін ұлғайтуға болады. Яғни, белгілі бір аймақта жауын-шашын болатынын алдын ала білген соң, сол бұлттардың санын арнайы технология көмегімен көбейтеді. Ал, жоқ бұлтты басқа жақтан алып келе алмаймыз. Әртүрлі ғалымдардың зерттеуі бойынша, егер бар бұлтпен дұрыс жұмыс жасалса, онда жауын-шашын мөлшерін 10-15 пайызға арттыруға болады.
БАӘ-дегі жағдай бойынша жауап берер болсам, қазір әлемде бұлтсыз жаңбыр шақыру технологиясы жоқ. Егер шөл далада жаңбыр жауса, онда оған табиғаттың да қатысы бар. Сондай-ақ, Таяу Шығыста нөсер жаңбыр сияқты сирек құбылыстар бұрын орын алғанын және болашақта қандай да бір эксперимент жұмыстар жүргізбестен белгілі синоптикалық жағдайларда да байқалатынын атап өткен жөн", - деді ғалым.
Айта кетейік, бұған дейін Еуропада, Қытайда және Үндістанда су тасқыны болды. Кейбір желі қолданушылары бұл оқиғаны БАӘ-де болған жаңбырмен байланыстыра бастады. Алайда Нұрлан Абаев бұл екеуін бір-біріне байланыстыруға ашқандай негіз жоқ деп санайды.
"Жауын-шашын мөлшерін тек жергілікті деңгейде, аз мөлшерде ғана көбейтуге болады. Бірақ жаһандық деңгейде көбейту мүмкін емес. Яғни, Еуропа мен Қытайда болып жатқан нәрсе - бұл тек табиғи процестер. Әлемде болып жатқан түрлі табиғи апаттар ол тылсым күш. Адам тылсым табиғат алдында өте әлсіз. Біз табиғатпен арпалыса алмаймыз.
Жасанды табиғи апаттар жасау туралы түрлі эксприменттердің соңы қайғылы болуы мүмкін. Сондықтан оған ешбір ғалым тәуекел жасай алмайды", - дейді ғалым.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!