07 тамыз 2024 | 16:30

Жасөспірім қосымша ақша табамын деп ақыры түрмеге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Қарағандыда сот 17 жастағы жасөспірімді 7 жарым жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда сот 17 жастағы жасөспірімді 7 жарым жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды политехникалық колледжінің 17 жастағы 3 курс студенті 2023 жылдың сәуір айында интернеттен курьер қажет екендігі туралы хабарландыруды көреді. Аталған телефон нөміріне қоңырау шалып, жұмыстың қиын емес екенін, сонымен қатар жалақысының жоғары екенін біледі.

"Жасөспірім жақсы оқымағанымен, ұстаздар тарапынан шағымдар болмаған, әкесімен және өгей шешесімен бірге тұрады (олар оны толығымен қамтамасыз еткен), дегенмен ол жеңіл ақша табуға шешім қабылдайды. Осылайша ол курьер болды. Алынған геолокация бойынша 5-15 жиынтық тауып, оларды бір-бірден орап, Қарағанды көшелеріне салып кететін, кураторға фотоесеп жіберіп отырған (оған қатысты материалдар жеке өндіріске бөлінген). Әрбір салынған орама үшін банк картасына 2,5 мың теңгеден аударым алып отырған, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсады", - делінген сот мәліметнде.

2023 жылдың қараша айында 15 ораманы алып, оның 4-ін таратқан сәтте оны полиция қызметкерлері ұстайды. Жасөспірімнің сөмкесі мен қалтасынан психотроптық зат (мефедрон) бар 11 орама пакет табылған.

"Жасөспірім психотроптық заттың аналогын өткізу мақсатында басқа адаммен алдын-ала сөз байласу арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы адамдар тобымен заңсыз сақтады деп айыпталды (ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1), 3), 5) тармақшалары бойынша). Айыпталушының кінәсі – куәлардың, полиция қызметкерлерінің айғақтарымен, куәгерлермен, сараптамалардың қорытындыларымен, салынған орамдардың фотосуреттері табылған ұялы телефонды тексерумен, куратормен хат алмасумен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді".

Жаза тағайындау кезінде сот назарға алды:

  • аса ауыр қылмыс санатына жататын және жоғары қоғамдық қауіпті білдіретін іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін,
  • сотталушының жеке басы, оның мінез-құлқын,
  • жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар (сотталушының кәмелетке толмаған жасын, кінәсін мойындау және жасаған қылмысына өкінуін, оң мінездемелерін), ауырлататын факторлардың болмауын;
  • тағайындалған жазаның сотталғанды түзетуге және жаңа қылмыстардың алдын-алуға әсерін.

"Айыпталушы айыпты деп танылды және оның кәмелетке толмаған жасын ескере отырып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды".

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети