Шымкент қаласында спорттық кіші футбол және баскетболдан "Аула клубтары" арасында турнир басталды. Қаланың бес ауданында басталған іс-шараға ұйытқы болған – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы. Қаламызда алғаш рет өтіп жатқан спорттық жарысқа 50 мектептен оқушылар қатысып жатыр.

Турнирдің мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресуге үйрету. Осындай жобалардың нәтижесінде спортқа қызығушы жастардың қатары артып келеді, дейді ұйымдастырушылар.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі Абай ауданына қарасты №55 жалпы орта білім беретін мектепте өтті. Іс-шараға қатысқан Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова жасөспірімдерге сәттілік тіледі.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай, қаламызда «Аула клубтары» спорттық жарысы ұйымдастырылып, мектеп оқушылары өзара сайысты. Жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Іс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тілеймін!", – деді Гүлнұр Асылбекова.
Кіші футболдан ойын көрсеткен спортшылар алдымен жасыл алаңда бойларын сергітіп, ойынды бастап кетті.
"5 жасымнан бастап спортпен айналысып келемін. Оның ішінде футболға қатты қызықтым. Соңғы 5 жылда түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеміз. Бүгінгі ойынға тыңғылықты дайындықпен келдік", – дейді қалалық №87 жалпы білім беретін орта мектебінің жас спортшысы Сержан Дүсенбек.
Айта кетейік, жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!