Жастар форумы қатысушыларына Павлодар облысының өнеркәсіптік алыптарының жұмысы көрсетілді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жастар форумы қатысушыларына Павлодар облысының өнеркәсіптік алыптарының жұмысы көрсетілді Павлодар облысы әкімдігі

Жастар форумы бағдарламасы аясында қатысушылар өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып, өндірістік қуаттарымен, заманауи жабдықтар мен экологияның технологиялық процестерімен таныстырылды. Бұл туралы жергілікті Ақпарат және қоғамдық даму басқармасында хабарланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жастар форумы бағдарламасы аясында қатысушылар өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып, өндірістік қуаттарымен, заманауи жабдықтар мен экологияның технологиялық процестерімен таныстырылды. Бұл туралы жергілікті Ақпарат және қоғамдық даму басқармасында хабарланды.

Экскурсиялық маршрутқа бірқатар ірі мекемелер кірді. Сапар барысында жас қатысушылар Қазақстандық электролиздік зауыт, Алюминий зауыты, Павлодарлық мұнай-химиялық зауыт пен басқа да кәсіпорындарына барды.

Электролиздік зауытта қатысушыларға Қазақстандағы бастапқы алюминийді толық циклмен өндіретін жалғыз кәсіпорынды көрсетті. Қонақтар алюминийді электролиз әдісімен өндіру процесін, автоматтандырылған басқару жүйелерін және зауыттағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын көрді.

Алюминий зауытында қатысушылар бокситтерді дайындау мен байытудан бастап дайын металды алуға дейінгі алюминий өндірісінің толық циклін көрді. Шикізаттың қайта өңдеуге түсуінен бастап дайын өнімнің сапасын бақылауға дейінгі жолымен танысып, жоғары технологиялық жабдықтар мен автоматтандырылған жүйелердің жұмысын бақылады.

Тағы бір кәсәпорында делегаттарға жоғары сапалы химиялық өнім өндірісі таныстырылды. Қатысушылар түйіршіктелген полипропилен, метил-трет-бутил эфирі (МТБЭ), эпоксидті компаунд, полипропилен қаптары, жұмсақ контейнерлер (МКР, «биг-бэг») және қайта өңделген полипропилен шығаратын технологиялық желілерді көрді. Сондай-ақ полимер қалдықтарын қайта өңдеу және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту технологиялары түсіндірілді.

Мұнай-химия зауытында қатысушылар Қазақстандағы ең ірі мұнай өңдеу кәсіпорнының жұмысымен танысты. Қонақтарға әртүрлі маркалы мұнайды қайта өңдейтін технологиялық қондырғылар, бензин, дизель отыны және авиациялық керосин өндіру процесі, сондай-ақ экологиялық таза технологияларды енгізу тәжірибесі туралы айтылды. Экскурсия барысында олар зауыт цехтарын, сапаны бақылау зертханаларын аралап, өндірістік қауіпсіздік жүйесімен танысты.

Танысу бағдарламасында жиһаз шығаратын мекеме көрсетілді. Форумға қатысушылар кәсіпорынның өндірістік процесімен танысты. Олардың қатарында лазерлік станоктар, дәнекерлеу роботы, 3D иілу станоктары және автоматтандырылған бояу желілері бар. Қонақтарға кәсіпорынның өз өндірісіндегі жиһаз үлгілері көрсетілді. Экскурсия компанияның коворкинг-залында аяқталып, жастар бейресми жағдайда демалып, өз әсерлерімен бөлісті.

Суреттер: Павлодар облысы әкімдігі

Кәсіпорын өкілдері зауыттардың тарихы, бірегей технологиялар, өндіріс ерекшеліктері және қызықты деректер туралы айтып, әртүрлі цехтар мен бөлімшелердің жұмысын көрсетті.

Ақпарат және қоғамдық даму басқармасында мұндай кездесулер жастардың өнеркәсіп саласына деген қызығушылығын арттыруға, өндірістік сектор туралы білімін кеңейтуге және кәсіби тұрғыда өз жолын таңдауға көмектесетіні атап өтілді.

Tengrinews
Павлодар облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети