02 қазан 2019 20:02

JASTAR Life жастар форумы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы жолдауында жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқаратын болғандықтан, жастардың ізденімпаздығы мен өнерпаздығын арттыру мақсатында осы жылды - "Жастар жылы" деп бекіткен болатын. Осы мақсатта "Жастар жылы" кең ауқымда атап өту үшін жыл басынан бері бірқатар ауқымды шара өткізіліп жатыр.

Жастар жылы аясында Атырау облысы Қалалалық Ішкі саясат бөлімі мен "Алаш мәдениеті" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 1-2 қазан күндері Махамбет-Исатай алаңында JASTAR Life жастар форумы өтті.

1 қазанда эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтің қатысуымен форум салтанатты түрде ашылды. 2 қазанда республикамызға белгілі 5 спикер: урбанистика бағыты бойынша "Урбанистика" орталығының басшысы Асхат Садуов, еріктілік бағыты бойынша "Еріктілер лигасы" қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, өнер саласы бойынша актёр, әнші Артур Төлепов, қаржылық сауаттылық бойынша тренер Дәулет Мұқаев, кәсіпкерлік бағыты бойынша жеке кәсіпкер Арман Әлменбет шеберлік сағаттарын өткізіп, өз тәжірбиелерін бөлісті. Шеберлік сағатына жалпы саны 500-ге жуық тыңдаушы қатысты.

Айта кетейік, JASTAR Life жастар форумы - инновациялық идеяларды жүзеге асыратын, қоғам мен мемлекеттің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған, сондай-ақ, креативті жас ұрпақты әлеуметтік дамытуға бағытталған бірегей алаң.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда нөсер жауады

Валюта бағамы

 471.89   490.7   5.39 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети