24 ақпан 2014 | 19:31

Жастар саясаты туралы заңды депутаттар сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото strategy2050.kz Фото strategy2050.kz

"ҚР Жастар саясаты туралы заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қаралды деп Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. Мәжілісте Білім және ғылым министірінің орынбасары Тахир Балықбаев таныстырған жастар саясаты туралы заң жобасын халық қалаулылары сынға алды. Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл патриоттық тәрбие беруде Кеңес үкіметіндегідей пионерлер мен комсомолдар секілді нақты жұмыс жасайтын ұйымдардың жоқтығына кейіген болатын. "Бүгінде жүзге тарта жастар ұйымдары мемлекеттен тек тендер ғана алып, нәтиже бермей отыр", - деді ол. Оразгүл Асанғазы болса, бұл заң жобасына әлі де толықтырулар енгізілу керектігін айтады. Себебі, мұның алдында келген заң жобасын талқылауда көп өзгеріссіз қалған. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева: "Бұған қатысты мемлекеттік органдардың ұсыныстарын тыңдап, қаражат жағын қарастыру керек. Жастар саясатын кім ұйымдастырады, республикада жергілікті әкімшілік немесе коммерциялық емес мемлекеттік ұйымдардың рөлдері қалай болады деген мәселені ойластыру қажет", - деді. "Жастарға берілетін квота жағынан әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Жас отбасыларға, балаларға жәрдем, білім беру саласында көмек көрсетіліп жатыр дейміз. Сол секілді басқа заңдарда қарастырылған мүмкіншіліктерді бір заңға жинастырған жөн. Баспана жағына келгенде әлі де көп сұрақтар бар. Заңда үй беріледі деп көрсетілгенімен баспананың саны көбеймесе, ол жастарға қалай беріледі? Осы жағына ескеру керекпіз", - деді ол.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети