Жастарға 1 миллион теңге грант беріледі. Кімдер ала алады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағанды және Ұлытау облыстарының жастарына 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі. Бұл туралы "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ баспасөз қызметі хабарламасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды және Ұлытау облыстарының жастарына 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі. Бұл туралы "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ баспасөз қызметі хабарламасында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасованың айтуынша, жоба аясында сомасы 1 миллион теңге көлеміндегі 63 жобаға қолдау көрсетіледі.

"Біздің ұйым Қарағанды және Ұлытау облыстарында Zhas project жобасын іске қосты. Мақсатымыз жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал топтардағы жастарды қолдау. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ бірлесіп атқарады", - дейді Динара Сәдуақасова.

Ұйым басшысының айтуынша, жобаға 18 және 28 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

"Ерекше басымдық жастардың осал топтарына берілмек. Атап айтқанда, жұмыссыз тіркелген жастар, аз қамтылған отбасыдан шыққан азаматтар, жетімдер мен мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері мен көпбалалы ата-аналар жатады. Өтінім беруші Қарағанды және Ұлытау облысы аумағында кемінде 3 ай тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс", - дейді ол.

Байқауға өтінім беру 2022 жылдың 26 шілдесінен 10 тамызына дейін жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау жобаның сайты арқылы қабылданады. Гранттарды жүзеге асыру үшін 3 айға дейінгі көлемде уақыт беріледі. Грант берілетін жобалар әлеуметтік маңызы бар, аймақты, ауылдар мен ауданды көркейтуге бағытталған болуы керек.

"Жеңімпаздарға жобаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар менторлар қолдау көрсетіп, арнайы оқыту өткізеді. Сондай-ақ, Қарағанды және Ұлытау облыстарының әр ауданында жоба үйлестірушілері бар. Жоба бойынша Қарағанды қаласында фронт-офис ашылып, колл-орталық жұмыс жасап жатыр. Қараша айында жобаларын сәтті жүргізген жеңімпаздардың қатысуымен Үздік тәжірибелер форумын өткізу жоспарланған", - дейді қоғамдық ұйымның төрайымы.

2022 жылы Zhas project жобасы пилоттық режимде еліміздің Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro