18 желтоқсан 2014 | 12:29

Жасы 35-ке дейінгі отбасылар жаңа бағдарлама бойынша пәтер ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vkusnovsem.org ©vkusnovsem.org

Қазақстанда 35 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер ала алатын болды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысында "Бәйтерек" "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 35 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер ала алатын болды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысында "Бәйтерек" "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағдарлама жас отбасыларға арналған, біз Үкіметпен бірге жасы 35-ке дейінгі азаматтардың да пәтерлерге үміткер болуын қарастырып жатырмыз. Барлық пәтердің 50 пайызы жас азаматтарға, жасы 35-ке дейінгі отбасыларға ұсынылатын болады. Біз "жас отбасы" ұғымының заңда 29 жасқа дейін деп көрсетілген анықтамасынан бас тартып, осы бағдарламаның мақсаты үшін бұл межені 35-ке дейін ұлғайтамыз", - деді Бишімбаев. Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде жас отбасылардың жас шамасы 29-дан 35-ке дейін өзгертілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. 

Бишімбаев жаңа бағдарлама бойынша баспаналардың тек кезекте тұрған адамдарға ғана бөлінетінін айтты. "Бұл бағдарламаға үміткерлерді 2014 жылғы 11 қарашадағы мәлімет бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар, яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж немесе баспанасы жоқ азаматтар арасынан жасақтаймыз", - деді ол. 

Сонымен бірге, бағдарлама арқылы көпбалалы отбасылар, толымсыз отбасылар, жетім балалар, білім беру, денсаулық сақтау саласы жұмысшылары мен мемлекеттік қызметкерлер де пәтер ала алады. "Баспаналардың 50 пайызы жасы 35-ке дейінгі, тұрғын үйі жоқ, жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған отбасыларға беріледі, қалған жартысы кезекте тұрған әлеуметтің әлжуаз топтарына беріледі", - деді Бишімбаев.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол" саясаты аясында жаңа тұрғын үй бағдарламасының қолға алынатынын 2014 жылғы 11 қарашада жария етілген Жолдауында айтқан еді. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй алғашқы жарнасыз әрі пайызсыз берілуі тиіс. Сонымен бірге, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспананың бір шаршы метрінің қанша тұратыны да жария етілді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети