07 ақпан 2018 | 13:18

Жасы келген әйелге азаматтық алу үшін тұрмысқа шығуды ұсынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Сегіз жыл бұрын Өзбекстаннан оралған егде жастағы әйел ақтөбелік көші-қон мамандарынан "Азаматтық алғың келсе, қайта тұрмысқа шық!" деген кеңес естігенін айтады. Самайын ақ шалған Рысгүл Өтегенованың қолында әлі күнге не ықтиярхаты, не азаматтығы жоқ, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Сегіз жыл бұрын Өзбекстаннан оралған егде жастағы әйел ақтөбелік көші-қон мамандарынан "Азаматтық алғың келсе, қайта тұрмысқа шық!" деген кеңес естігенін айтады. Самайын ақ шалған Рысгүл Өтегенованың қолында әлі күнге не ықтиярхаты, не азаматтығы жоқ, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

"Неке дегенде, ол өзі жасы келген кісі, жас адам емеспіз ғой, некеге ол тоже келмейді, тұрмысқа шық деп айта алмаймыз", - дейді кейуананың ұлы.

Телеарна мәліметінше, Есен - Рысгүл апайдың кенжесі. Азаматтық алу үшін анасын қайта күйеуге беру деген ақылға сыймайтын кеңес екенін айтады. Әкелері дүниеден өткеннен кейін бауырларымен бірге 8 жыл бұрын атақонысқа көшіп келіпті. Ұлты қазақ болғандықтан елге келген бойда азаматтық алған, ал Рысгүл апайдың қолына "Оралман отбасының мүшесі" деген бір жапырақ қағаз ұстатыпты.

"Көші-қондағылар бес жылдан кейін Қазақстан төлқұжатын еш кедергісіз аласыз дегенге сеніп, алаңсыз жүре бердім", - дейді Есен.

"Төрт қазақты әкеліп отырмын ғой енді, өзім қарақалпақ болсам да. Енді маған беруіне болатын шығар деп ойлаймын. Квота берді, маған айтты. Мына паспортыңды бес жылдан кейін өзгертесің, апа деді. Бес жылға дейін осы паспортыңмен жүре бер деді. Өзбекстанда өзгеріп кетті, бұл жақта заң шығып кетті, содан кейін басқаша болып кетіп тұр", - дейді қала тұрғыны Рысгүл Өтегенова.

Көрші елде құжат алмасып жатқандықтан Рысгүл Өтегеноваға Өзбекстанға барып келуге кеңес беріпті. Алайда, шекараға жеткенде қолында ықтияр хаты болмағандықтан кері қайтарған.

"Бізге ана жақтағы паспорт өзгеріп жатыр екен, Өзбекстанда жаңа паспорт шығып жатыр, заңдары өзгеріп жатыр деді. Онда Өзбекстаннан барып паспорт ауыстырып әкелейік дедік, маманы жібердім. Мына қағазды жолдан пограндар қайтарып жіберген, Қазақстан шекарасынан қайтарған", - дейді ұлы Есен Кәрімбаев.

Қазір Рысгүл апайдың бар уайымы зейнеткерлікке шыға алмай қаламын ба деген қауіп. Онсыз да құжаты болмағандықтан не жұмысқа тұра алмай, не дәрігерлергеқаралаалмайжүрекен.

Дегенмен, көшіқон басқармасындағылар тығырықтан шығу үшін Өзбекстан асудың қажеті шамалы, деп отыр. Тұрақты жері Ақтөбе қаласы болғанымен ықтиярхатты Алматыдағы Өзбекстан елшілігіне барып ресімдеу керек екен.

"Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының елшілігіне жолдануы керек. Осыдан кейін жаңаүлгідегі төлқұжат алғаннан кейін ол ҚР тұрақты тұруға рұқсат берген ықтиярхатқа құжаттандыратын болады. Ескі үлгідегі ҚР құжаттары 2018 1 шілдесіне дейін жарамды", - дейді облыстық ІІД Көші-қон басқармасының инспекторы Әйгерім Қартова.

Азаматтық алуды да сол елшілікте шешуге болады екен. Мамандар ол үшін Рысгүл Өтегенова "Өзбекстан Республикасының азаматтығынан бас тартамын" деген өтініш тапсыру керек деп отыр. Құжат шамамен жарты жылдың ішінде дайын болады екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети