Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киюге тыйым салуды қарастыратын "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға ұсынылған түзетуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәденовтың айтуынша, ІІМ бұл бастаманы қолдайды.
"Бұл – депутаттардың бастамасы. Біз жалпы қолдаймыз. Өйткені бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын ештеңе болмаса, бетті жауып не керек?" – деп сауал қойды министр.
Сондай-ақ, ол бұл ұсыныс бірнеше рет бейінді комитеттің отырыстарында вице-министрлер мен ІІМ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен талқыланғанын айтты.
Бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында айтылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
