Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Жасыратын ештеңем жоқ". Қаржы министрі кіріс туралы декларацияны жариялауға уәде берді 02 ақпан 2023, 13:31

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа табысы туралы декларацияны қашан тапсыратыны туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа табысы туралы декларацияны қашан тапсыратыны туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен кадр қызметіне тапсырма бердім. Заң бойынша ол жариялайды. Мен мұнымен айналысамын. Екіншіден, менің жалақымды білесіздер, жалпы жасыратын ештеңем жоқ", - деп жауап берді министр Сенат кулуарында.

Қаржы министрлігінің басшысы жалпы декларациялау мемлекеттік қызметшінің заңбұзушылықтарын табу үшін жасалмайтынын атап өтті.

"Бұл кіріс, бірінші декларация. Егер ұсақ-түйек заңбұзушылықтар болса, оларды толтыруды көрсеттік. Оның үстіне, ақпараттық жүйеміз де жетілдіріліп келеді. Біз бәрі автоматтандырылғанын қалаймыз. Бізде электрон форматта жарияланған декларациялардың 90 пайыздан астамы бар, бірақ 100 пайыз қамтылғанын қалаймыз", - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

Ұсақ заңбұзушылықтар болды ма деген сұраққа министр: "Әрине. Жалақы дұрыс көрсетілмеген кездер болды. Онда дұрыс толтыру қажет ұяшықтар бар. Қайталап толтыру немесе толтырмау бар екенін көрсек, оны көрсеттік". Жамаубаевтың айтуынша, бұл жағдайлар техникалық қателерге қатысты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram