“Жауапкершілік ересектермен бірдей“: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жауапкершілік ересектермен бірдей“: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмысқа жасөспірімдерді тарту жиілеп кетуіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмысқа жасөспірімдерді тарту жиілеп кетуіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасөспірімдерді тарту схемасы

Көбіне жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы "жеңіл табыс" табу ұсынылады. Оларды жасырын орындарға қойып кетуші ретінде жұмыс істеуге шақырады. Мұндай ұсынысты интернеттегі есірткі-дүкендерін ұйымдастырушылар таратады. Олар жастардың тез ақша табуға деген қызығушылығы мен сенгіштігін пайдаланып, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тартады.

"Жасөспірімдер құқықтық салдардың ауырлығын толық түсінбей, мұндай "жұмысқа" келіседі және іс жүзінде есірткінің заңсыз айналымына қатысушыға айналады. Ал мұндай қылмыстарды жасағаны үшін заңнамада ересектермен бірдей қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар есірткі-дүкендерінің әкімшілері бопсалау мен қорқыту арқылы психологиялық қысым жасап, жасөспірімдердің қылмыстық схемадан бас тартуына жол бермейді және түрлі тәсілмен оларды есірткі айналымында ұстап қалуға тырысады.

Ұсталған жасөспірімдер саны өсті

Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар кәмелетке толмаған 23 бала ұсталды. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру; дайындау, тасымалдау және өткізу үшін – 7 жылдан 12 жылға дейін; есірткіні насихаттау және жарнамалау үшін – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Есірткімен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап, ал жекелеген құрамдар бойынша 14 жастан бастап туындайды.

"Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға мұқият болыңыздар: олардың араласатын ортасына, интернеттегі белсенділігі мен табыс көзіне назар аударыңыздар. Құрметті жастар! 23 жасөспірім қазірдің өзінде қателік жіберді. Олардың жолын қайталамаңыздар. Денсаулықты, білімді, спортты және заңды табысты таңдаңыздар", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

ІІМ азаматтарды қырағылық танытып, есірткі тарату фактілері туралы хабарлауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.62  course up  568.98  course up  6.19  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети