14 мамыр 2020 | 17:04

"Жауапкершіліктен қашпаймын" - Әбілдаев дәрігерлердің коронавирус жұқтыруы туралы

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған дәрігерлер туралы пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол өз ойын Қоғамдық кеңестің отырысында бөлісті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған дәрігерлер туралы пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол өз ойын Қоғамдық кеңестің отырысында бөлісті. 

Кездесу онлайн режимінде өткен. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы кеңес мүшелеріне COVID-19-ға жұмсалған қаражат туралы есеп берді.

Реклама
Реклама

Осыдан кейін Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус өршуінің себептерін сұрады. 


Қоғамдық кеңестің онлайн жиналысы

Ал Әбілдаев дәрігерлерді кінәламайтынын айтты. 

"Бұл жерде мен дәрігерлерді кінәлаудан алшақпын. Бір жағынан, дәрігерлер сақтық шараларын қолданса, инфекцияның деңгейі осындай болмас па еді. Бұл аурухана - қаладағы ең үлкен клиникалардың бірі. Онда негізінен жедел медициналық көмекке мұқтаж науқастар барады. Мұндай жағдайда негізгі аурулардың белгілерін COVID-19-дан ажырату мүмкін емес. Жедел стационар жағдайында жұмыс істеп жатқан олар әріптестеріміздің біреуін кездейсоқ жұқтыруы мүмкін. Ал бұл біртіндеп басқа әріптестерге жұғуы мүмкін. Бұл іс терең эпидемиологиялық зерттеуді және белгілі бір шешімдерді талап етеді", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.

"Менің 74 дәрігерім бар (қол астында - авт. еск.) және жауапкершілікті жоғалтқан кезде барлығы мені кінәлай алады. Бірақ бүгінде қаладағы барлық аурухана провизор клиникалар жағдайында жұмыс істеуі керек. Олар барлық қауіпсіздік шарасын сақтауы қажет. Бұл жағдайда әр аурухананың басшысы жеке жауап береді. Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша қажетті қорытындылар болса, біз жауапқа тартыламыз. Мен басшы ретінде жауап беруден бас тартпаймын", - деп толықтырды Тілеухан Әбілдаев. 


Орталық клиникалық аурухана

Еске салайық, бұған дейін Алматы орталық ауруханасында 200-ге жуық дәрігер коронавирус жұқтырған еді. Олар бұл туралы әлеуметтік желіде жазып, науқастармен жұмыс кезінде вирус жұқтырғанын мәлімдеген. Осы оқиғадан кейін аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен кеткен болатын. 

Біртанов COVID-19 жұқтырған орталық аурухананың дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді

Қалалық бас санитар дәрігер Айзат Молдағасымова дәрігерлердің сақтық шараларын сақтамағанын айтып, өздерін кінәлаған. Артынша дәрігерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, осы жағдайға назар аударуды сұраған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная