15 сәуір 2020 09:13

Біртанов COVID-19 жұқтырған орталық аурухананың дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Орталық қалалық клиникалық ауруханада 147 дәрігер коронавирус жұқтырған еді. Аурухананың бірнеше қызметкері "Көктем" шипажайына карантинге жатқызылды.

"Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус таралуына байланысты: менің тапсырмам бойынша денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров пен Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бірге "Көктем" шипажайында жатқанклиника қызметкерлерімен кездеседі. Барлық сұрақ пен мәселелер эмоциясыз заң бойынша шешіледі деп сенемін", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, министр Алматыдағы медициналық мекемелерде коронавирус мәселесімен тәжірибелі эпидемиолог Нұрхан Сәдуақасов айналысатынын айтты.

Мұның алдында Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданған хат жарияланған еді, онда Президенттен Алматы қаласы Орталық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлер жағдайына көңіл аударуды сұраған. Хатта дәрігерлер белсенді түрде оқытылып, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша тренингтер өткізілгені, сондай-ақ, жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілгені айтылған. Олардың жазуынша, әр кезекшілікте маскалар 10 рет ауыстырылған, төтенше қызмет өкілдері қорғаныс костюмімен жұмыс істеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети