ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2022 | 11:26
Жауын-шашын, аяз. Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан аптаның басында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, аптаның ортасы 18 тамызда температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай, екпінді жел күтіледі", -делінген хабарламада.
Жалпы, республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- батыста түнде + 15+28 градус, күндіз +30+40 градус,
- солтүстік-батыста түнде +3+12 градус, күндіз +15+25 градус,
- солтүстікте түнде +2+7 градус, күндіз +12+17 градус,
- орталықта түнде +3+12 градус, күндіз +13+23 градус,
- шығыста түнде +2+11 градус, күндіз +12+20 градус,
- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18 градус,
- таулы аудандарда + 3+8 градус болжанып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также