15 тамыз 2022 11:26

Жауын-шашын, аяз. Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазгидромет синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан аптаның басында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, аптаның ортасы 18 тамызда температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай, екпінді жел күтіледі", -делінген хабарламада.

Жалпы, республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • батыста түнде + 15+28 градус, күндіз +30+40 градус,
  • солтүстік-батыста түнде +3+12 градус, күндіз +15+25 градус,
  • солтүстікте түнде +2+7 градус, күндіз +12+17 градус,
  • орталықта түнде +3+12 градус, күндіз +13+23 градус,
  • шығыста түнде +2+11 градус, күндіз +12+20 градус,
  • елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18 градус,
  • таулы аудандарда + 3+8 градус болжанып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети