Синоптиктер 12 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы жылып, қалың жауын-шашын түсетінін болжады. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Жел 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде және күндіз 3–5 градус аяз.
Алматыда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Температура түнде 0–2 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы.
Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Күндіз 7–9 градус жылы.
Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Температура солтүстік пен шығыста аязды болып, оңтүстік аймақтарда ауа райы біртіндеп жылынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!