"Жауынгерлер рухы көмектесті". Алматы музейі тонаудан қалай аман қалды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: weatlas.com Фото: weatlas.com

Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей қызметкерлері тәртіпсіздіктер болған түні оларға пышақпен қаруланған адамдар басып кіріп, қылыш пен найза алуға әрекеттенгенін айтып берді. Олардың айтуынша, жауынгерлер рухы тарихи құндылықтарды сақтауға көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей қызметкерлері тәртіпсіздіктер болған түні оларға пышақпен қаруланған адамдар басып кіріп, қылыш пен найза алуға әрекеттенгенін айтып берді. Олардың айтуынша, жауынгерлер рухы тарихи құндылықтарды сақтауға көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, музей қызметкерлері тәртіпсіздіктер басталғаннан бері жұмыс орнында түнеген, өйткені олар құнды ескерткіштерді тонап кетеді деп қорыққан. Музей ғимараты шабуыл жасалып, өрт қойылған қалалық әкімдіктен небәрі 10 минуттық жерде орналасқан. Лаңкестер шынымен де, мұражайға ғұн және сақ жауынгерлері қылышы мен найзасын алу үшін басып кірген.

"Есіктердің бәрін жауып, бейнебақылау камераларынан қарап отырдық. Таңертеңгі сағат төрттер шамасында мұражайға бір топ адам жақындап келе жатқанын көрдік. Не істеу керек? Ойымда ешқандай жоспар жоқ. Кейін олар есікті бұзып кірді. Басында 6-7 адам кірді, артында 200 адам жиналып тұр. Оларға не айтқаным нақты есімде жоқ, бірақ мен оларды ештеңеге қол тигізбеуге көндіруге тырыстым, өйткені бұл ортақ тарих, оны жоғалтпау керек", - деді Бибігүл Дандығараева. 

Бибігүл Дандығараева оған ата-баба, жауынгерлер рухы көмектескеніне сенімді. Ол шабуылдаушыларды көндіріп, олар бірде-бір жәдігерге қол тигізбестен кетіп қалған.

"Басқа ғимараттар қалай бүлінгенін көргенде, мен шошып кеттім, қалай аман қалғанымызға әлі де таңғалам. Музейдің барлық қызметкеріне алғыс айтамын. Сол кезде мен байқамадым, бірақ кейін әріптестерім олардың қолында пышақ болғанын айтты", - деді Дандығараева.

Мұражай қызметкерінің айтуынша, материалдық құндылықтарға қарағанда тарихи құндылықтарды қайтару мүмкін емес. Ол бұл әрекетіне өкінбейтінін айтты. Ол үшін ең бастысы мұраны болашақ ұрпаққа сақтау болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro