Велосипед жүретін жолақ жаяу жүргіншілер қозғалысына қауіпті емес. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Велосипед жүретін жолақ жаяу жүргіншілер қозғалысына қауіпті емес. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Астанада 56 шақырымға жететін веложол салынды.
"Веложолдар пайда болған соң велосипедтердің жол апатына ұшырау дерегі азайды. 2017 жылы 5 велосипед жол апатына ұшыраса, жыл басынан бері бір ғана дерек тіркелді", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері қандай жағдайда жаяу жүргіншілерге онда жүруге рұқсат етілетінін айтып өтті.
"Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда немесе жолдың шетінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болса, жаяу жүргіншілердің веложолмен жүруге құқығы бар. Бірақ олар велосипедпен жүргендерді өткізуі тиіс", - деді ІІД өкілдері.