Жайна Сламбекқызы "Хабар" телеарнасының директоры болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Берік Уәли Сурет: Берік Уәли

Журналист Жайна Жақсылықова "Хабар" арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Журналист Жайна Жақсылықова "Хабар" арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы “Хабар” арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды", - деп жазды ол Facebook-те.

Берік Уәли әріптесін жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі. "Хабардың" дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!" деді ол. 

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған. 

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда "Хабар" агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. 

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін "Астана" телеарнасында "Біздің уақыт" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. 

2019 жылдың тамызынан Apta бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі. 

Жайна Сламбекқызы - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 жыл). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 жыл), сонымен бірге "Тұмар" ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 жыл). 

Айта кетейік, Берік Уәли бұған дейін "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro