Орал құтқарушылары Жайық өзенінің ортасында баржаларының сынуына байланысты тұрып қалған саяжайдың 19 тұрғынын эвакуациялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы ТЖД өкіліне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік қызметіне Жайық өзенімен "Учужный затон" Орал-саяжай массиві" бағытында бет алған қайықтың (баржаның) қозғалтқышы сынып қалып, ағысты Жайық өзенінде саяжайдың 19 тұрғынының қалып қойғаны туралы хабар келген. Құтқарушылар адамдарды қайықпен айлаққа тасымалдады.
Қала тұрғындары демалыс күндері өз саяжайларына жиналып, қажетті азық-түліктер мен отырғызатын тал-шыбықтарын ала келді.
"Жолаушылар арасында Жайық өзенінің қатты ағысында бір метр биіктіктен қайыққа отыруға қиналатын бірнеше қария адам болды. Көбісінің өз сөмкелеріне алаңдаумен отырғандығы байқалды. Кейбір адамдарға бірінші өздерін қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін сөмкелерін де тасымалдайтынын түсіндіру үшін психологиялық көмек көрсетілді. Медициналық көмекке мұқтаждар болмады. Барлық саяжай тұрғындары айлаққа аман-есен жеткізілді", - деп, жасақтың медициналық-психологиялық қызметінің басшысы Н.К. Жұмағалиев атап өтті.