13 наурыз 2014 | 16:51

Жайық тасыса Оралдағы саяжайлар түгел суға кетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Жайық тасыса Оралдағы саяжайлар түгел суға кетеді. Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен брифингте Орал қалалық ТЖ басқармасының басшысы Талғат Еділбаев Tengrinews.kz тілшісіне осылай деп мәлімдеді. Брифингке қатысқан Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ғалым Орынғалиевтің айтуынша, күні бүгін шаһардың айналасындағы бау-бақша қоғамдарында 2444 отбасы немесе 7583 адам тұрақты тұрып жатыр. "Бұл жерлердің барлығы Жайықтың аңғарында орналасқан. Яғни, көктемде суға кетеді. Наурыздың 3-і күні саяжайдың барлық тұрғындарын жинап жағдайды түсіндірдік. Су тасығанын күтіп отырмай, тез арада қауіпсіз жерлерге уақытша болса да көшуге үгіттеудеміз", - деді Ғ.Орынғалиев. Қалалық ТЖ басқармасының басшысы Талғат Еділбаев биыл Ресей жағынан келетін Жайық суының жылдағыдан ерекше мол болатындығын қаперге берді. "Жайық, Шаған және Деркөл өзендері бойындағы саяжайлар түгел суға кетеді. Сол себепті біз эвакуациялық комиссиялар құрып, ол комиссиялар адамдарды уақытша көшіретін орындарды жасақтауда", - деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы. Көктем басталғалы бері қала көшелерінен 155 мың тонна қар шығарылған. Жұмыс әрі қарай жалғасуда.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети