Жайықта балықтың қырылуының жаңа деректері тіркелген жоқ

viewings icon 490

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Жайық өзені мен жақын жатқан арналарда балықтың қырылуының жаңа ошағы тіркелмеген, уәкілетті органдар өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастыруда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Жайық өзені мен жақын жатқан арналарда балықтың қырылуының жаңа ошағы тіркелмеген, уәкілетті органдар өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастыруда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Мулдашев хабарлады.

"Әлеуметтік желіде таралған бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы туралы бейне бір апта бұрын Жайық өзеніндегі балық шаруашылықтарының бірінде түсірілген. Бұл жалпыға белгілі факт. Бүгінгі күні балықтың қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ. Ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта мамандардың бағалауы бойынша су балық үшін қауіпсіз. Жоғарыда аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта Жайыққа су ағызатын құрылыстары бар барлық кәсіпорындарға жоспардан тыс тексеру жүргізілуде. Біз өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастырудамыз", - деді Арман Мулдашев. 

Қазіргі уақытта ведомствоаралық комиссия Жайықта балықтың жаппай қырылу себептерін анықтауда. Балықтың қырылу фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мамандар жақын арада Жайық өзеніне су ағызатын құрылыстары бар барлық кәсіпорындарды тексереді. Бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлағандай Жайық өзенінің суы тұрғындар үшін қауіпсіз.

Айта кетейік, Атырауда балықтардың жаппай қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалып, кейін Жайықтан бір тонна өлі балық шығарылғаны хабарланған

"Жайықта балықтың жаппай қырылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-бөлігі 6-тармағына сәйкес Атырау облыстық экология департаменті және Атырау қоғамдық денсаулықты қорғау ұйымына Жайық өзеніне су құятын құрылғысы бар барлық мекемеге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Қазіргі уақытта өзен өлген балықтардан тазартылып жатыр, шамамен бір тонна балық шығарылды", - деді инспекцияның бас маманы Ақмарал Қаукенов. 

Осы жағдайға қатысты веломствоаралық комиссия құрылған, оның құрамында Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, экология департаменті, Балық шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институты, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің территориялық инспекциясы, сондай-ақ ТЖД өкілдері және қалалық қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының мамандары кірді. 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю