Жайылғанова Тоқаевқа Президенттік кадр резервіне іріктеу қалай жүретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайылғанова Тоқаевқа Президенттік кадр резервіне іріктеу қалай жүретінін айтты Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне агенттіктің биыл атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және  Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың басында өтетін Президенттік кадр резервінің екінші іріктеуіне дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Іріктеуден 50 адам өтеді. Анар Жайылғанова үміткерлерге қойылатын критерийлер мен біліктілік талаптарының күшейтілгені туралы айтты. Резервті жасақтау кезінде қоғамдық мүдделерді негізге алатын тұлғаларға басымдық беріліп, өзгерістер жөнінде нақты тәжірибесі бар заманауи басшыларды анықтауға мән беріледі", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы ең үздік үміткерлерді таңдау үшін іріктеу жұмыстарын сапалы әрі ашық өткізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру ісіне де тоқталды.

Оның айтуынша, осы бағыт аясында басшылық және атқарушылық қызметтерге қойылатын құзыреттерді анықтау үшін тестілеу емес, сұхбат өткізу ұсынылып отыр. Бұл іріктеудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Президентке мемлекеттік аппаратты қысқарту, мемлекеттік саяси қызметті кәсібилендіру, мемлекеттік басқару үдерісін цифрландыру жөніндегі жұмыстар туралы да баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анар Жайылғановаға Агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша тапсырмалар берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети