Жаз басталғалы Астанада 7 бала терезеден құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.
Жаз басталғалы Астанада 7 бала терезеден құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты елордалық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасының мамандары ата-аналарды терезеге москиттік тор орнатқан кезде сақтық шараларын қадағалауға шақырады.
"Жаз басталысымен биік қабаттан құлау оқиғасы жиілей түсті. Екінші, үшінші және одан да жоғары қабаттан құлау фактісі көбіне терезедегі москиттік торды орнатумен байланысты. Тұрғындар оны орнату кезінде қосымша темір тор немесе басқа да қалқандар арқылы сақтық шараларын қатаң қадағаласа деген өтінішіміз бар. Түптеп келгенде, өзінің баласы немесе басқа да туыстарының амандығы соған байланысты. Бізге түсетін шақыртулардың басым бөлігі москиттік тордың дұрыс орнатылмауынан болып отыр", - деді қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасы бас дәрігерінің медицина жөніндегі орынбасары Сұлушаш Әбілқасымова.
Оның айтуынша, тек маусым айының 1 мен 27 аралығында жедел жәрдемге биіктіктен құлау оқиғасы бойынша 24 шақырту түскен. Оның 7-і - кішкентай бала.
"Олардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, ем алу үшін стационарға жатқызылды. Зардап шеккендердің барлығы аман қалды",- деді Сұлушаш Әбілқасымова.