Жаз бен күздің арасы: оңтүстікте ыстық, батыста суық

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаз бен күздің арасы: оңтүстікте ыстық, батыста суық Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 25, 26 және 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр, бұршақ және тұман

Алдағы күндері атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 26 қыркүйекте – батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте – солтүстікте, солтүстік-батыста жаңбыр, бұршақ және жел күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы уақытта шығыста, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Ауа температурасы қалай өзгереді?

  • Батыс: түнде 12-17 градустан 2-7 градусқа дейін салқындайды, кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз 20-28 градустан 10-23 градусқа дейін төмендейді.
  • Солтүстік-батыс: түнде 7-15 градустан 3-11 градусқа дейін төмендейді, күндіз 23-29 градустан 10-18 градусқа дейін.
  • Солтүстік: түнде 10-16 градустан 5-13 градусқа дейін, күндіз 20-28 градустан 12-25 градусқа дейін.
  • Орталық: түнде 5-13, күндіз 20-25 градус жылы.
  • Шығыс: түнде 0-8 градустан көтеріледі, кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз 15-25 градустан 20-28 градусқа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік: түнде 5-15, күндіз 25-30 градус жылы.
  • Оңтүстік-шығыс: түнде 5-13 градустан 7-15 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 15-27 градустан 22-30 градусқа дейін көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети