06 маусым 2023 | 13:25

"Жаз енді басталды". Смайылов өңірлердегі суға түсу маусымына дайындық деңгейін сынға алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы суға түсу маусымына дайындық деңгейін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы суға түсу маусымына дайындық деңгейін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаз енді басталды, ал еліміздің су айдындарында қаза тапқандардың саны ұлғайып барады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша жаздың бірінші күні ғана 4 адам суға кетіп, мерт болды. Алдыңгүні бір күнде 9 адам, кеше тағы 4 адам суға кеткен. Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған. Бұл - шынымен де алаңдатарлық жағдай", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы республикада жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, қайтыс болатынын, олардың 100-ге жуығы бала екенін айтты.

"Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында осы уақытқа дейін шомылуға рұқсат етілген арнайы орындар белгіленбеген. Ал Қызылорда облысында бүкіл өңір халқы үшін арнайы белгіленген төрт-ақ орын бар. Алматы облысында Қапшағай су қоймасының маңындағы көптеген жекеменшік жағажайлар ресми тіркелмеген", - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы профилактикалық жұмыстар негізінен қалалар мен аудандарда ғана жүргізілетінін айтып өтті. Ауылдық жерлерде бұған көңіл бөлінбейді.

"Сол себепті суға батқандардың басым көпшілігі, яғни 60-70 пайызы ауыл тұрғындары болып отыр. Осы бағытта жергілікті жерлерде ауқымды жұмыстар жүргізу қажет. Судағы қауіпсіздік талаптарын, алғашқы көмек көрсету ережелерін, арнайы жағажайлар мен қауіпті орындар туралы ақпаратты халыққа үнемі жеткізу керек", - деді Әлихан Смайылов.

Одан бөлек, Премьер-министр оңтүстік өңірлердегі суару каналдары да адамдарға қауіп төндіріп отырғанын айтты. Олардың көбі қоршалмаған.

"Бұл - бірінші кезекте балалар үшін өте қауіпті. Каналдарда балалар өлімі көп жағдайда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеледі. Бұл ретте Түркістан облысының оң тәжірибесін атап өткім келеді. Онда арыққа түсіп, құлап кеткен жағдайда өз бетінше сыртқа шығуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар орнатылуда. Өңір әкімдіктері осы тәжірибені зерделеп, каналдар мен арықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін пысықтауы қажет", - деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети