23 шілде 2019 | 09:45

Жазда қандай жағдайда балмұздақ қауіпті?

©pixabay.com ©pixabay.com

Күн ыстықта балмұздақ жеу қауіпті ме? Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары тұрғындарды сақтыққа шақырып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады. 


Иконка комментария блок соц сети

Күн ыстықта балмұздақ жеу қауіпті ме? Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары тұрғындарды сақтыққа шақырып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады. 

Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбі шөл басу үшін санитарлық тазалыққа да мән бере бермейді. Салдарынан түрлі аурулардың шығу қаупі басым. Өйткені, салқын өнімнің температурасы мен құрамы әркез бақылауда болуы тиіс дейді мамандар.

"Барлық азық-түлік өнімдерін сол секілді балмұздақ даярлау кезінде ең бірінші оның стандарттарын жақсылап ұстанған жөн. Мысалы балмұздақ өндіретін ғимараттың іші мен оның сақтайтын орындар 20 градус салқын болуы тиіс. Сондай-ақ оның құрамы да жіті бақылауда болуы қажет. Бұдан бөлек сату орындары да таза болғаны абзал", - дейді балмұздақ шығаратын компанияның бас директоры Владимир Пак. 

Қалалық денсаулық сақтау орталығының мамандары тазалыққа салғырт қараудың соңы балмұздақтан улануға әкелетінін айтады. 

"Егер оның әзірлеу технологиясы мен сақтау температурасын сақтаған кезде балмұздақтан ауру жұқпайды. Сонымен қатар, егер балмұздақты сатып алып, оны тұтынуды кейінге қалдырса, бірден салқын жерге сақтаған дұрыс. Өйткені, оның құрамына түрлі микробтар түсуі мүмкін", - дейді Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухананың бөлім меңгерушісі Азамат Айсекенов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети