Жаздағы жағдайдың қайталану қаупі жоғары - Тоқаев коронавирус туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаздағы жағдайдың қайталану қаупі жоғары - Тоқаев коронавирус туралы Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2020 жылдың жазында болған коронавирусқа қатысты жағдай қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2020 жылдың жазында болған коронавирусқа қатысты жағдай қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев пандемия басталғаннан бері бір жыл өткеннен кейінгі елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалды айтты. Президент бірқатар мемлекет коронавирустың жаңа штамдарынан туындаған үшінші толқын өршігенін мойындап отырғанын айтты. Әлемде, оның ішінде Қазақстанмен көршілес мемлекеттерде де коронавирус инфекциясының таралуы өршіп жатқанын ескертті.

"Қазір Алматы "қызыл" аймақта. Сондықтан бұл маңызды отырысты онлайн форматта өткізуге мәжбүрміз. Бұл жағдайдың ауырлығын көрсетеді. Қазірдің өзінде ауыр науқастар санының өсуі және реанимациялық төсек-орындардың толғаны байқалады.

Бұл ретте азаматтардың эпидемиологиялық сақтық шараларын ұстамай, халық пен кәсіпкерлер тарапынан босаңсу байқалады. Сондықтан жаздағы жағдайдың қайталану қаупі жоғары. Әрине, бәрі тек дәрігерлер мен денсаулық сақтау жүйесіне байланысты емес. Сондықтан мен тағы да отандастарымды ұстамдылықты жоғалтпауға, барлық сақтану шарасын ұстауға, коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны қолдауға шақырамын", - деді Президент 17 наурызда Алматыны дамыту жөніндегі кеңесте.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинациялауға қатысты үндеу жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети