19 наурыз 2021 | 11:34

Жазушы, аудармашы Герольд Бельгерге ескерткіш қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Герольд Бельгер мүсіні. ©️ Алматы қаласы әкімдігі Герольд Бельгер мүсіні. ©️ Алматы қаласы әкімдігі

Мемлекеттік хатшы жазушы, аудармашы Герольд Бельгер ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік хатшы жазушы, аудармашы Герольд Бельгер ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы Герольд Бельгер ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар аталған іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Салтанатты жиын барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық жазушысы ескерткішінің ашылуына байланысты арнайы хатын  оқып берді.

"Халқымыз "Гераға" деп құрмет тұтқан Герольд Карлович саналы ғұмырында ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетін өркендетуге, қазақ тілінің қарыштап дамуына айрықша үлес қосты. Бала шақтан дала демократиясын бойына сіңіріп өскен қарымды қаламгер ұлт руханиятындағы өткір де өзекті мәселелерді де әрдайым бүкпесіз айтып, қоғамда талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынып отырды. Ең бастысы, жазушы Герольд Бельгер өзінің өмірі мен өнері арқылы бірлігі жарасқан  біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыру ісіне қалтқысыз қызмет етті", - делінген Мемлекет басшысының арнайы хатында.

©️ Алматы қаласы әкімдігі

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы қазақ ауылында шынайы достық пен жан жылуы ортасында тәрбиеленген "Гераға" қазақ халқының тіліне, діліне, мәдениеті мен өнеріне деген шынайы қамқорлығы мен құрметін өмірінің соңына дейін сақтағанын атап өтті.

"Оның шығармашылығы өскелең ұрпақты рухани нәрлендіретін өмірлік даналықтың қазынасына айналды. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыруының игілігіне арнаған қажырлы еңбегі мен асыл жүрегі үшін халқымыздың көрнекті ұлына құрмет көрсетеміз", - деді Мемлекеттік хатшы.

Қырымбек Көшербаев ескерткішті әзірлеу және ашу жұмыстарын жүргізгені үшін мүсінші Нұрлан Дамбайға, меценат Нұрлан Смағұловқа және басқа да осы игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді.

Сонымен қатар салтанатты рәсімге  Асылы Осман, Ахметжан Ашири, Рубен Андриасян, Юрий Аравин, Ермек Тұрсынов және өзге де мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапары барысында Ұлттық Ғылым академиясында болып, Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен бірге ғылымды дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Жиыннан кейін Қырымбек Көшербаев Мәдениет және спорт министрлігі, "Қазақфильм" акционерлік қоғамы және Ұлттық киноны қолдау орталығының басшылығымен тарихи фильмдерді түсіру жобаларын талқылады.

Сол күні Мемлекеттік хатшы белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлерін өздерінің өтініштері бойынша жеке қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети