26 қаңтар 2015 | 18:00

Жазушы Герольд Бельгер жүрек талмасынан кейін ауыр жағдайда жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазушы Герольд Бельгер. ©Tengrinews.kz Жазушы Герольд Бельгер. ©Tengrinews.kz

Қазақстанның танымал жазушысы Герольд Бельгер 21 қаңтарда жүрек талмасына ұшырап, қазіргі уақытта ауыр халде жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Президент Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Аюпова хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның танымал жазушысы Герольд Бельгер 21 қаңтарда жүрек талмасына ұшырап, қазіргі уақытта ауыр халде жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Президент Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Аюпова хабарлады.

"Инфаркт диагнозы өз уақытында қойылды. (...) Герольд Карловичтің жағдайы ауыр. Бүгін оның бізге түскеніне бесінші күн болып отыр, сондықтан бірдеңе айтуға әлі ерте. Ол қазір жансақтау бөлімінде өкпеге жасанды оттегі беру аппаратында жатыр", - деді Аюпова.

Оның айтуынша, Герольд Бельгер өзінің нашар денсаулығына қарамастан, өте көп жұмыс істеген. Дәріерлер оған бірнеше рет ота жасауға ұсыныс жасаған. Бірақ Бельгер одан бас тартқан. 

"Соңғы жылдары Бельгердің денсаулық жағдайы нашарлап кетті. Ол 80 жаста, әрдайым ем қабылдауы керек. Ол өте сергек, бірақ мазасыз. Дәрігерлердің қарауында болудан жалыққан шығар. Жұмыс істеуіне кедергі келтіретінін жиі айтып жүрді, барлық кезде ауруханаға жатудан бас тартып жүрді", - деді Аюпова. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, Героль Бельгер бірінгі инфарктты 1978 жылы алды, содан кейін тағы да бес рет жүрек талмасына ұшырады. Мұнымен қатар, 1999 жылы жазушы инсульт алды. Ол қант диабетімен де ауырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети