Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығу оқиғасы: Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығу оқиғасы: Нұрболат Дәкебаевтың соты басталды Фото: qamqor.gov.kz

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотта алдын ала тыңдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сотта алдын ала тыңдау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атышулы іс бойынша тыңдау Әлихан Бөкейхан аудандық сотында өтеді. Сот отырысына сотталушы Нұрболат Дәкебаев әкелінді.

Жәбірленуші Төреғали Берікқалиұлы (сол жақта) және оның қорғаушысы. Фото Tengrinews.kz

Жәбірленушінің адвокаты Бағдад Хасенов Нұрболат Дәкебаевтың жедел жәрдем жүргізушісіне келтірген жарақатының жеңіл емес екенін дәлелдеу үшін жаңа сараптама тағайындау туралы сотқа арыз жазбақ ниетте екенін айтты. Адвокат жәбірленушіге тағы да ота жасалатынын атап өтті.

Сот отырысында жауапкер Дакебаев айыптау актісі мен азаматтық талап-арызды алмағанын айтты. Сот 10 минуттық үзіліс жариялады.

Нұрболат Дакебаевқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа келіп түсті, ал бастапқыда тергеу ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша жүргізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети