ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2018 | 13:37
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан түркиялықты Алматыдан депортациялау мүмкін болмады
Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Түркия азаматы Әли Демирді елден шығару туралы істі қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. №2 Әуезов аудандық сотында процес өткен жоқ.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Түркия азаматы Әли Демирді елден шығару туралы істі қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. №2 Әуезов аудандық сотында процес өткен жоқ.
"Алматының №2 Әуезов аудандық сотына Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының өкілдерінен арыз түсті. Онда арыз беруші соттан Түркия азаматы Демир Эбузер Әлиді Қазақстан Республикасынан шығару туралы азаматтық істі қараусыз қалдыруды сұрайды", - делінген сот хабарламасында.
Сот мәліметінше, электронды билетке сәйкес Демир Эбузер Әли 2018 жылы 3 қарашада Ыстамбұлға ұшып кетуі керек еді. Алайда ол шекарадан өткен жоқ. Сонымен қатар, соттағылар ер адамның деппортациялау мәселесі қаралатын сотына қатысуы міндетті екенін мәлімдеген еді.
"Бүркіт" базасының мәліметіне сәйкес, Демир Эбузер Әли шекарадан шыққан жоқ. Осы орайда оның қайда жүргенін анықтау үшін азаматтық істі қараусыз қалдыруды сұраймыз. Сот шешімімен Түркия азаматы Демир Эбузер Әлиді Қазақстан Республикасынан шығару туралы арыз қараусыз қалдырылды", - деді сот өкілдері.
Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның ұсталғанын және жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.
Показать комментарии
Читайте также