Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан түркиялықты Алматыдан депортациялау мүмкін болмады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz фотоколлаж Tengrinews.kz фотоколлаж

Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Түркия азаматы Әли Демирді елден шығару туралы істі қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. №2 Әуезов аудандық сотында процес өткен жоқ.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан Түркия азаматы Әли Демирді елден шығару туралы істі қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. №2 Әуезов аудандық сотында процес өткен жоқ.  

"Алматының №2 Әуезов аудандық сотына Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының өкілдерінен арыз түсті. Онда арыз беруші соттан Түркия азаматы Демир Эбузер Әлиді Қазақстан Республикасынан шығару туралы азаматтық істі қараусыз қалдыруды сұрайды", - делінген сот хабарламасында. 

Сот мәліметінше, электронды билетке сәйкес Демир Эбузер Әли 2018 жылы 3 қарашада Ыстамбұлға ұшып кетуі керек еді. Алайда ол шекарадан өткен жоқ. Сонымен қатар, соттағылар ер адамның деппортациялау мәселесі қаралатын сотына қатысуы міндетті екенін мәлімдеген еді. 

"Бүркіт" базасының мәліметіне сәйкес, Демир Эбузер Әли шекарадан шыққан жоқ. Осы орайда оның қайда жүргенін анықтау үшін азаматтық істі қараусыз қалдыруды сұраймыз. Сот шешімімен Түркия азаматы Демир Эбузер Әлиді Қазақстан Республикасынан шығару туралы арыз қараусыз қалдырылды", - деді сот өкілдері. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның ұсталғанын және жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer