30 қаңтар 2017 | 13:40

Жедел жәрдемді ең көп шақыратын өңір аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2016 жылы Қазақстанның жедел жәрдем қызметі 7,8 миллионнан аса шақылым жасаған. Өңірлер арасында ең көп шақырылым саны Оңтүстік-Қазақстан облысында тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылы Қазақстанның жедел жәрдем қызметі 7,8 миллионнан аса шақылым жасаған. Өңірлер арасында ең көп шақырылым саны Оңтүстік-Қазақстан облысында тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылы Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметінде (бұдан әрі - ЖМК) 7 миллион 835 мың 624 шақырту жүзеге асырылды. Өңірлер арасында ең көп шақырылым саны - Оңтүстік-Қазақстан (1 миллион 168 мың), Алматы (1 миллион 22 мың) облыстары мен Алматы қаласында (859 мың 244), сонымен қатар, Шығыс-Қазақстан облысында (716 мың 289) шақылым тіркелген. Ал жедел медициналық көмек қызметіне аз жүгінген тұрғындар - Солтүстік Қазақстан облысындағылар (858 мың шақырылым)", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, щақырылымға себеп болатын жағдайлардың басым көпшілігі тыныс алу органдары мен жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары, жарақаттар мен уланулар, неврологиялық және жұқпалы аурулармен байланысты болып отыр. Сонымен қатар, 2016 жылы нәтижесіз (жалған) шақырылымдар саны республика бойынша 183 мың 387 болды.

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, бүгінде ЖМК қызметінде 20 мыңнан аса адам қызмет етеді. Республика бойынша 24 дербес станциялар және 62 кіші станциялар жұмыс істейді, бір тәулікке 1300 бригада жәнеавтокөлікбірліктеріжұмылдырылған.

Шақырылған жерге бригаданың шұғыл түрде келуі мен уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында автомашиналар мен реанимобильдер, заманауи талаптар мен стандарттарға сай жаңа медициналық жабдықтар мен аппаратура сатып алынды.

Республикалық санитариялық авиация орталығымен ЖМК көліктерін бақылау және көрсеткіштерін мониторингілеу бірегей жүйесі жасалған, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен парамедиктерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттарын оқыту қажеттілігі анықталған, ЖМК қызметінің үйлестіру жүйесі жетілдірілуде (қалалық станциялар, ЖМК ауылдық пункттері).

Министрліктегілердің айтуынша, республика өңірлерінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін, кеңдігін және сапасын жақсарту мақсатында телемедицина жаңа моделінің концепциясы жасалды. ЖМК және санитариялық авиацияның қызметкерлерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттары бойынша тәжірибелік дағдыларына оқыту үшін Республикалық санитариялық авиация орталығында тренингтік-оқыту орталығы құрылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети