26 маусым 2020 | 15:15

Жеке көлікпен Ресейге шығуға бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Олег Фисенко қазақстандықтарға жеке көлікпен Ресейге шығуға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Олег Фисенко қазақстандықтарға жеке көлікпен Ресейге шығуға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәселе кезең-кезеңмен шешіледі. Әзірге Ресеймен мемлекеттік шекара жабық, сондықтан карантин шектеулері барда шекараны кесіп өту тәртібіндегі ерекшеліктер тізіміне енбегендерге автокөлікпен шығу мүмкін емес", - деп жауап берді Олег Фисенко ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ, ол бақылауды күшейту үшін шекараны бақылаудың айтарлықтай тиімді механизмі жасалғанын айтты.

"Бір жағынан, ол трансшекаралық ағынды 90 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, өтім 84 мыңнан 3,5 мыңға, ал көлік құралдары бойынша 20 мыңнан 4 мыңға дейін төмендеді. (...) Өкінішке қарай, тіпті пандемия кезеңінде шекарада құқық бұзушылық тоқтамай келеді. Елден 7 миллионнан астам қорғаныш маскасын, 20 мыңнан астам респиратор, 3 мың қорғаныш костюмі, 4 миллионға жуық медициналық мақсаттағы қорғаныш қолғабын шығару деректері анықталды", - деп толықтырды Фисенко.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети