30 қаңтар 2023 | 14:24

Жеке тұлғаның банкроттығы: қазақстандықтардың өтінімі қалай тексеріледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандық азаматтың банкротқа ұшырағаны қалай тексерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандық азаматтың банкротқа ұшырағаны қалай тексерілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, азаматтан өтініш түскеннен кейін мемлекеттік органдарға сұраныс жіберіледі.

"Деректерді алатын 22 ақпарат көзі бар. Бұл жеті мемлекеттік орган мен алты ұйым, олармен интеграция жолға қойылды. Біз талаптарға сәйкестігін тексереміз. Егер азамат заңнамада көрсетілген барлық талапқа сәйкес келсе, онда 15 күн ішінде оның өтінішін бекітіп, тізілімге енгіземіз. Бірінші әдіс бойынша банкроттық туралы өтінішті қараудың қосымша тәртібі бар.

Жүйе әзірленді және қазір басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен сынақтан өтіп жатыр, наурызға дейін жүйе дайын болады. Қазір порталға өтінім үлгілері орналастырылды, азаматтар 8 ақпанға дейін танысып, өз ұсыныстарын айта алады, барлық түзетулер талқыланып жатыр. Бірақ тұтастай алғанда жүйе қазірдің өзінде дайын", - деп түсіндірді ОКҚ брифингінде Ержан Біржанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети