17 қаңтар 2019 | 22:20

Жекелеген мемлекеттік органдардағы кадрлық процестер автаматтандырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Жекелеген мемлекеттік органдардағы кадрлық процесстер автаматтандырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

 Жекелеген мемлекеттік органдардағы кадрлық процесстер автаматтандырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауында мемлекеттік органдардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға тапсырма берді. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі озық елдер тәжірибесін және бизнес-процестерді ұйымдастырудағы корпоративтік сектордың озық тәжірибесін ескерді. Өткен жылдан бастап Агенттік бірыңғай автоматтандырылған персоналды басқару қызметін құру жөніндегі жобаны іске қосты", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жобаның мәні - "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс-қағаздарды тек қана онлайн режимге ауыстыру.

Қағаз құжат айналымынан бас тарту, техникалық функцияларды автоматтандыру Агенттікке Персоналды басқару қызметін орталықтандыруға мүмкіндік берді. Енді олардың негізгі миссиясы кадрларды стратегиялық HR-менеджментке сапалы және кезеңді көшу екен.

"Біздің басты жетістік - шығындардың оңтайландырылуы, процестердің стандартталуы және еңбек тиімділігінің жақсаруы. Болашақта еңбекақы төлеу жүйесі де сол жүйеге біріктіріледі", - дейді ведомство өкілдері.

Қазір жобаға Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Астана, Шығыс Қазақстан әкімдіктері және Атырау облысының бір ауданының әкімдігі қосылыпты.

"Бүгін Агенттікте осы мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен осы жүйені енгізу бойынша одан әрі өзара іс-қимыл механизмдері талқыланды. Мемлекет дамуындағы адами капиталдың рөлі артып келе жатқанын ескере отырып, қатысушылар персоналды басқару қызметтерін күнде қайталанып істелінетін функциялардан босатудың маңыздылығын атап өтті және мемлекеттік аппаратты әрі қарай кәсібилендіруге баса назар аударды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети