ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 27 наурыз күні түнгі сағат бірде дабыл соғылып, Жамбыл облысындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұл әскери шараның барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов 03811 (Құлан ауылы), 91678 (Бауыржан Момышұлы ауылы), 85395 (Тараз қаласы) әскери бөлімдерінің және "Теріс-Ашыбұлақ" полигонының жауынгерлік әзірлігі мен қабілеттілінің деңгейін тексерді. Бұл бөлімшелер белгіленген уақыт мерзімінде "Теріс-Ашыбұлақ" полигонына жиналып, қойылған міндеттерді орындады. Сондай ақ, жылжымалы басқару пункті, байланыс желісі және басқа да құрылымдар орнатылды.
85395 әскери бөлімінде (Тараз қаласы) тексерістің қорытындысы шығарылып, онда бөлімдердің жинақылығы мен ұтқырлығы және олардың белгіленген ара-қашықтықты жедел еңсеру мүмкіндігі тексерілді.
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Министрліктегілердің айтуынша, кенеттен тексерістің басты мақсаты әскери бөлімдер мен оның құрылымдарының төтенше жағдайлар, лаңкестік әрекеттер қаупі төнгенде және орын алған кездегі үйлесімді әрекетін бағалау, сулы және таулы аумақтағы тапсырмаларды орындау болып табылады. "Тек осындай тексеріс шараларының негізінде жауынгерлік даярлықтың деңгейін, жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірудегі және белгіленген аумаққа шоғырланудағы командирлер іс әрекетінің тиімділігін айқындауға болады", - делінген ведомство хабарында.