03 мамыр 2023 | 08:51

Жел, жаңбыр. Қазақстандағы 3-мамырға арналған ауа райы болжамы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 3-мамырда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 3-мамырда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәрсенбіде Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 12-14 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 аяз, облыстың оңтүстік-батысында 2 градус жылы, күндіз 14-19, облыстың шығысында 12 градус жылы.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында 2-7 градус аяз, күндіз 11-16 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында күндіз 11-16 градус жылы.

Жетісу облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 17-22 метр, күндіз Алакөл ауданында екпіні секундына 23-28, кей жерлерде 30 метр және одан да көп болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстікте, орталықта, облыстың таулы аймақтарында 3-8 градус аяз, күндіз 9-14 градус жылы, солтүстікте, таулы аймақтарда 9-14 градус жылы, облыс аудандарында 5 градус жылы.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде құмды дауыл соғады. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аймақтарында 6, күндіз 24-29, облыстың таулы аймақтарында 20 граус жылы.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 21-26 градус, облыстың оңтүстік-шығысында 29 градус жылы.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде батыста, оңтүстікте, облыс орталығында нөсер болады. Батыста, оңтүстікте, облыс орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 23-28, облыстың батысында 15-20 градус жылы.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан 9-14, түнде орталықта, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстік-шығысында 7 градус, күндіз 20-25, облыстың батысында, оңтүстігінде 28 градус жылы.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың шығысында 10 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 6-11 градус аяз, облыстың шығысында 3 градус аяз болады.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз оңтүстікте, облыс орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 9-14, оңтүстікте, облыс орталығында секундына 15-20, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 23 метр болады. Ауа температурасы түнде 1-6 аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 7-12, облыстың батысында 4 градус жылы.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз орталықта, облыстың шығысында құмды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 9-14, облыс орталығында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 22-27 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети