Жел және жаңбыр. 30 наурызға арналған ауа райы болжамы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жел және жаңбыр. 30 наурызға арналған ауа райы болжамы Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 наурызда республиканың 13 өңірінде екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 наурызда республиканың 13 өңірінде екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети