Жел және көктайғақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жел және көктайғақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:elements.envato.com

Синоптиктер 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 20-22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон әсерінен, ҚР басым бөлігінде жаңбыр, кезеңнің соңына қарай солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Жалпы, республика бойынша желдің күшеюі, 22 қазанда солтүстікте – көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай күтіледі.  

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 3-13 градустан 3 градус аяз - 7 градус жылыға дейін, күндіз 10-20 градустан 2-15 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстік-батыста ауа температурасы шамалы төмендейді, түнде 3 градус аяз - 8 градус жылыдан 3 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 8-18 градус жылыдан 2-8 градус жылыға дейін төмендейді;
  • солтүстікте ауаның температурасы түнде 0-6 градус жылыдан 0-10 градус жылыға дейін жоғарлайды, күндіз 5-12 градус жылыдан 0-8-ге дейін төмендейді;
  • ҚР орталығында ауаның температурасы түнде 1 градус аяздан - 3-9 градус жылыға дейін жоғарлайды, күндіз температураның негізгі фоны 7-18 градус жылы;
  • шығыста түнде ауаның негізгі фоны 2 градус аяз - 8 градус жылы болады, күндіз  ауаның температурасы 3-15 градус жылыдан 9-18 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстікте түнде ауаның температурасы 3 градус аяз - 5 градус жылыдан 0-13 градус жылыға дейін, күндіз 12-20 градус жылыдан 12-26 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста ауаның температурасы түнде 5 градус аяз - 6 градус жылыдан 2 градус аяз - 10 градус жылыға дейін, күндіз 5-15 градус жылыдан 15-25 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети