Желі қолданушылары Астанада жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жүргізушілердің әрекетіне наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желі қолданушылары Астанада жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жүргізушілердің әрекетіне наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияға оқырман видео жіберді. Онда Астанадағы тасжолдардың бірінде екі автомобильдің жолдың қарсы бағытына шығып кеткені көрінеді. Куәгердің айтуынша, оқиға Астана әуежайына барар жолдағы айналма тасжолында болған.
"Бұл бүгін шамамен таңғы сағат 08:00-де болды. Әуежайға баратын жолда тасжолдан сол жаққа кетсең, айналма жолға шығасың. Бұл шамамен cағат 8.35-8.45-те болды. Үш автомобиль жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Мен тек екеуін ғана түсіріп үлгердім", - дейді куәгер.
Ол осы жолда қандай да бір жол-көлік оқиғасын көрмегенін айтады.
"Бұл ауданда жол апатын көргенім жоқ. Ол жерде ауылды айналып өтетін жол бар, мүмкін жүргізушілер бұрылуға рұқсат беретін белгінің алыс болуына байланысты жол қысқартайын деп ойлаған шығар", - дейді Tengrinews.kz оқырманы.