Желі қолданушылары Балқашта түсірілген суретке сеніп қалған: қазақстандық түсіндіруге мәжбүр болды

Мейірман Лес Корреспондент
Желі қолданушылары Балқашта түсірілген суретке сеніп қалған: қазақстандық түсіндіруге мәжбүр болды Әлеуметтік желіден алынған фото

Әлеуметтік желіде Балқаш көлінің ішіне кіріп тұрған автокөліктің фото-видеосы қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының ашуын туғызған бұл кадрларға байланысты жұртшылық жүргізушіні тауып, құқық бұзғаны үшін жазалауды талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Балқаш көлінің ішіне кіріп тұрған автокөліктің фото-видеосы қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының ашуын туғызған бұл кадрларға байланысты жұртшылық жүргізушіні тауып, құқық бұзғаны үшін жазалауды талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Талқылау ортасында Астана қаласының 23 жастағы тұрғыны қалды. Бұған дейін ол әлеуметтік желіде су ішінде тұрған көліктің суретін жариялап, астына "Балқаш" деп жазба қалдырған болатын.



Алайда жазба авторы суреттің нейрожелі арқылы жасалғанын, ал өзінің Балқашқа бармағанына көп болғанын мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

"Балқашқа бармағалы көп болды. Әдемі контент жасағым келгендіктен, бұл фотоны жасанды интеллект көмегімен жасадым. Адамдар әдемі фото жариялағандардың бәріне тап бермей, мұндай дүниелерді ажырата білуі керек. Бұл суреттің ЖИ екенін оңай дәлелдей аламын және осындай ондаған сурет жасап бере аламын. Оның үстіне, жасанды интеллект менің көлігімді дәлме-дәл айнытпай шығармаған - айтарлықтай айырмашылықтар бар. Адамдардың әлеуметтік желіде көргенінің бәріне соншалықты тез сенетініне таңғаламын", - деді жазба авторы Tengrinews.kz тілшісіне.


Бұл жарияланымға полиция да назар аударды. Қарағанды ПД баспасөз қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Балқаш көлінің суында тұрған автокөлік бейнеленген видео анықталғанын хабарлады.


"Тексеру барысында қазіргі уақытта Астанада тұратын, Қарағанды облысының 23 жастағы тумасы анықталды. Ер адам өткен жылдың қазан айынан бері Қарағанды облысының аумағында болмағанын, ал жарияланған материалды жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып жасағанын түсіндірді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер азаматтарды қоршаған ортаға да, желідегі жарияланымдарға да жауапкершілікпен қарауға шақырып, жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін атап өтті.

Алматыда қоқысты ЖИ-мен "жинауға" қатысты жанжал жалғасын тапты

Еске сала кетейік, мамыр айының ортасында Алматы тұрғыны Бостандық ауданы әкімдігін көше тазалау үшін жасанды интеллектіні пайдаланды деп күдіктенген жазба жариялаған еді.

Жазба желіде тез тарап, 100 мыңға жуық қаралым жинады. Қолданушылар әлеуметтік желінің суреттердің бірін жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген деп белгілегенін байқап қалған.

Бұдан бөлек, пікір қалдырушылар "дейінгі" және "кейінгі" кадрлардағы оғаштықтарға: көлеңкелердің бірдейлігіне, ракурстың сәйкестігіне және суреттердегі күмәнді ұқсас бөлшектерге назар аударды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама