Жел, найзағай. 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жел, найзағай. 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты республиканың 11 өңірінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты республиканың 11 өңірінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Жетісу облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік болады.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 17-22 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні - 23 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады 15-20, екпіні - 23 м/с. 21-22 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +27
Ақтау +34
Ақтөбе +27
Атырау +31
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +29
П
Павлодар +29
Петропавл +28
С
Семей +33
Т
Талдықорған +30
Тараз +31
Түркістан +24
О
Орал +27
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер