Синоптиктер 22 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын болжады. Ел аумағында күшті жел, тұман, көктайғақ, қар және бұрқасын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана және Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын аз болғанымен, қатты жел, бұрқасын, тұман және аяз сақталады. Кей өңірлерде жел екпіні 20–28 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы, Алматы облысы, Жетісу облысында түнде қар жауып, көктайғақ және тұман болады. Таулы аймақтарда аяз күшейеді, жел екпіні кей жерде 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шымкент және Түркістан, Жамбыл облыстарында түнгі уақытта қар, таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0…+3 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ болжанады. Жел күшейіп, ауа температурасы -5-тен +5 градусқа дейін құбылады.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, бірақ тұман және аяз болады.
Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қар, бұрқасын, тұман және қатты жел күтіледі. Түнде ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Қызылорда облысында түнде қар, тұман және көктайғақ байқалады, күндіз ауа райы салыстырмалы түрде жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!