Жел, тұман және көктайғақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жел, тұман және көктайғақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман.

Алматыда түнде тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде 1-6 градус үсік сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 3 градус үсік.

Шымкентте түнде және таңертең тұман, түнде 1-3 градус үсік.

Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети