Желіде Алматы облысында өзеннен түлкіні құтқарғандардың видеосы тарады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматы облысы Талғар ауданында өзеннен түлкіні құтқарғандардың видеосы тарады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түлкіні көлік қағып, өзенге құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматы облысы Талғар ауданында өзеннен түлкіні құтқарғандардың видеосы тарады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түлкіні көлік қағып, өзенге құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер жариялаған видеода екі адамның түлкіні судан шығаруға тырысып жатқаны көрсетілген. Алайда түлкі ер адамдар ұсынған ағашқа жабыса алмай, оны құтқарушылардың бірі жалаң қолымен тартып алады.

"Абайлаңыз, тістеп алмасын. Молодец. Міне, еркек. Оны алып шықты", - дейді видео түсіріп тұрған адам.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түлкі қатты зақымданған. Жануар артқы аяқтарын қозғалта алмайды. Оқиғаның куәгерлері оны босатқанымен, ол қазір қандай жағдайда екенінен ештеңе белгісіз. Жыртқыштың қалалық жерде қалай пайда болғаны да жұмбақ күйінде қалып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети